Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Жылдағы дәстүрге сай депутаттар маусым айының соңында кезекті сессияның жұмысын қорытындылап, каникулға кетеді.