29 қаз, 2019 сағат 15:29

Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әділ Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», -делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл оқиға Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 25 қазан күні түнде болған еді. Қашқан браконьердің соңына түскен инспектордың көлігі аударылып кеткен. Браконерьлер оқиға орнында ұсталды. Олардың көлігінен қару мен заңсыз атылған жабайы аңның ұшасы табылды

Айта кетейік, Әділ Кенжеғұлов - жыл басынан бері табиғатты қорғауда мерт болған үшінші қорықшы.