12 мам, 2021 сағат 14:36

Көршісін ұрып өлтірген 37 жастағы ақмолалық ұсталды


Ақмола облысында көршісін ұрып өлтірген 37 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы мамырдың 11-де сағат 07:07 шамасында Көкшетау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» пультіне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өз пәтерінің жатын бөлмесінен көршісінің денесін тапқанын айтқан.

Ер адамның сөзінше, көршісі оған шай сұрап келген. Сол кезде онда дене жарақаттары болған. Таңертең оянғанда ер адамның көз жұмғанын көріп, бірден полицияға хабарласуды шешкен.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 53 жастағы ер адам түнгі сағат бір шамасында көптеген жарақаттардан қайтыс болғанын анықтады.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам «бастың, кеуденің, іштің ішкі ағзалардың зақымдалуы, бауырдың жыртылуы және травматикалық шоктың» салдарынан көз жұмған.

«Жедел-іздестіру шарасында полиция полицияға хабарласқан 37 жастағы жергілікті тұрғынның осы қылмысқа қатысы барын анықтады. Ер адам жасаған қылмысын толық мойындады. Ол ішімдік ішу барысында туындаған жанжал кезінде көршісін ұрып, кейін төсегіне жатуға кетіп қалған. Тек таңертең көршісінің өлгенін анықтады. Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1 бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды», - деді ведомстводан.