#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы тіркелді – ҚР ДСМ

  • 05.08.2020
  • 0
  • 183

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасы таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.

Министрлік таратқан ақпараттарға қарағанда, 1 тамыздан бері ауырғандар саны - 8 054, сондай-ақ 86 өлім жағдайы тіркелді. 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавируске қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведомстваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды»,-делінген министрліктің хабарламасында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар