08 мам, 2020 сағат 12:23

Коронавирустан тағы 64 адам емделіп шықты

Қазақстанда тағы 64 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 9, Алматы қаласында – 16, Шымкент қаласында – 7, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 7, Қарағанды облысында – 8, Алматы облысында – 3, Қостанай облысында – 4, Атырау облысында – 2, Жамбыл облысында 6 тұрғын дерттен айыққан.

Осылайша, елімізде 1582 адам COVID-19 індетінен сауықты.