14 қар, 2020 сағат 10:45

Коронавирустан сауығып шығып, маска кимей жүрген адамдар қауіпті – дәрігер

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог Александр Карабиненко COVID-19 ең қауіпті тасымалдаушыларды атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап.

Маска кимейтін коронавирус инфекциямен ауырып, сауығып шыққан адамдар вирусты ең қауіпті тасымалдаушыларды. Себебі, науқас сауыққаннан кейін де, вирус оның жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Осылайша, жазылған адамдар вирусты басқаларға таратуды жалғастыруда. 

«Емделген коронавирус, маскасыз жүретін адамдарды жұқтырудан құтқармайды», - деді Карабиненко. 

Ол емделіп шыққан адамдардың індетті «еркін және еш кедергісіз» тарататынын атап өтті.