08 мау, 2020 сағат 20:58

Коронавирустан өлім-жітім күннен-күнге артып келеді - Аида Балаева

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус індетінің таралуы тыйылмай отырғандықтан, қазақстандықтарды санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүкіл әлемде секілді біздің елімізде де коронавирус індетінен болған өлім-жітім көрсеткіші күннен-күнге өсіп келеді. Осы орайда, көкірегі ояу, саналы деген көпшілік адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қынжылтады. Сондықтан да өзіміздің және жақын туыстарымыздың денсаулығы үшін әрқайсыларыңызды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Дәл қазіргі таңда баршамыздың өміріміз осыған байланысты болып отыр», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. 

Айта кетейік, бүгінге дейін 12 859 адамға коронавирус диагнозы қойылды, оның ішінде жазылғандар саны - 7737. 56 науқас қайтыс болды.