29 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 26 991 адам коронавирус инфекциясынан (–23 396+ және 3 595 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 5 809 пациент стационарда, 21 182 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 396 адамның жағдайы ауыр,
• 119 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, осы күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін 8 718 613 адам, II компонентін 8 058 293 адам салдырған.
