14 там, 2020 сағат 06:31

Коронавируспен ауырған 80 қазақстандық өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

14 тамызда коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 104 бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 420 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.