04 қыр, 2020 сағат 08:08

Коронавируспен ауырған 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Қазақстанда коронавируспен ауырған 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министролігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 924 адам емделіп жүр. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарда 3 119 науқас жатыр.

2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.