18 қаз, 2020 сағат 11:07

Коронавируспен ауырған 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қазанға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 125 өскіншек бала бар. 

Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 81 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 

13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.