26 қаң, 2022 сағат 09:14

Коронавирусқа шалдыққан 383 адамның жағдайы ауыр - ДСМ


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

26 қаңтарда 156 909 адам адам коронавирус инфекциясынан (–155 485+ және 1 424 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 027 пациент стационарда, 146 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында:

383 адамның жағдайы ауыр,

383 пациенттің жағдайы өте ауыр,

71 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.