27 қаң, 2021 сағат 15:35

Коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады - министрлік

Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың алғашқы кезеңі мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қарағанды фармкомбинаты бойынша вакциналарды жеткізу кестесін бекіттік. Ақпанда нарыққа 90 мың доза жеткізіледі. Ал наурызда тағы 150 мың доза өндіріледі. Ал содан кейінгі айларда 600 мың дозадан шығарылады. Сәуір мен мамыр айларынан бастап халықтың басым көпшілігіне вакцинациялау қолжетімді болады», - деді Марат Шоранов тілшілердің сұрағына берген жауабында. 

Сонымен қатар бірінші вице-министр қазақстандық вакцина да қатар өндірілетінін айтып өтті.

«Бұл өз кезегінде халықты вакциналаумен көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Алайда мұндай көлемдегі вакцина нарықта болуы керек. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Елде вакциналауды мемлекет есебінен жүргізу қарастырылып жатыр. Үкімет резервінен тиісті қаражат бөлінеді. Тиісінше вакциналау тегін болады», - деді ол.