Өткен тәулікте Қазақстанда 356 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Алматы қаласында - 84, Нұр-Сұлтан қаласында - 48 адамға вирус жұққан. Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысында ондаған адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 29 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде барлығы 9932 адамға вирус жұққан. Өсім 3,7% құрады:
- Алматы қаласы – 84 (Барлығы 2462), өсім - 3,5%
- Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (Барлығы 1868), өсім - 2,6%
- Атырау облысы – 21 (Барлығы 980), өсім - 2,2%
- Шымкент қаласы – 32 (Барлығы 762), өсім - 4,4%
- Қарағанды облысы – 34 (Барлығы 788), өсім - 4,5%
- БҚО – 51 (Барлығы 544), өсім - 10,3%
- Жамбыл облысы – 3 (Барлығы 365), өсім - 0,8%
- Түркістан облысы – 0 (Барлығы 354)
- Алматы облысы – 7 (Барлығы 326), өсім - 2,2%
- Қызылорда облысы – 6 (Барлығы 330), өсім - 1,9%
- Ақтөбе облысы – 0 (Барлығы 304)
- Павлодар облысы – 5 (Барлығы 197), өсім - 2,6%
- Маңғыстау облысы – 40 (Барлығы 217), өсім - 22,6%
- Ақмола облысы – 2 (Барлығы 151), өсім - 1,3%
- Қостанай облысы – 0 (Барлығы 136)
- ШҚО – 23 (Барлығы 97), өсім - 31,1%
- СҚО – 0 (Барлығы 51)