25 мау, 2020 сағат 14:34

Коронавирус жұқтырған пациенттерді амбулаториялық жағдайда қадағалау алгоритмі жасалды

Бүгін медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия отырысында COVID-19 инфекциясы бар пациенттерді амбулаториялық жағдайда қадағалап қарау алогритмі мақұлданды. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хабарлады.

«Коронавирус инфекциясы COVID-19» диагостика және емдеу клиникалық хаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы амбулаториялық жағдайда COVID-19 Коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді қадағалап қарау бойынша 4 маңызды құжатты әзірледі. Мәселен амбулаториялық жағдайда COVID-19 коронавирусной инфекциясын қадағалап қарау алгоритмін, МСАК пациенттері үшін жадынама, пациенттің чек-парағын, «Үйдегі стационар» жағдайында емді жалғастыру үшін стационардан ерте шығарылған кезде берілетін ерте шығару парағы үзінді көшірмесінің өлшемшарттары әзірленді. 

COVID-19 коронавирусты қадағалап қарау алгоритмінде қауіп факторлары ескеріле отырып, аурулардың клиникалық белгілері бойынша деректер ұсынылған, пациенттің өзін-өзі бақылауы бойынша дәрігердің ұсынымдар берілген, режимді сақтау бойынша жалпы ұсынымдар берілген, емдеу схемасы және профилактика шаралары ұсынылған. 

Ел халқы үшін оларға ерекше көңіл бөлу қажет ауру белгілерінің негізгі түрлері көрсетілген МСАК деңгейіндегі пациенттер үшін жадынама дайындалды, сондай-ақ жалпы ұсынымдар берілген және жай-күйдің нашарлау белгілері ашып көрсетілген, жоғарыда көрсетілген жағдайлар кезінде өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізді хабардар етуіңіз керек. 

Клиникалық, аспаптық, зертханалық өлшемшарттардың және ПТР-диагносьикасының негізінде «Үйдегі стационар» жағдайында емді жалғастыру үшін стационардан ерте шығарылған кезде берілетін ерте шығару парағы үзінді көшірмесінің өлшемшарттары жазылған.
Участок дәрігерінің одан арғы қадағалап қарау тактикасы туралы уақтылы шешім қабылдау үшін МСАК деңгейінде пациенттер толтыру үшін чек парақ әзірленді. 

Аталған құжаттар комиссия деңгейінде мақұлданды және денсаулық сақтау практикасында қолдануға ұсынылды. 

Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емдеу шеңберінде бүгінгі таңда Қазақстанда «COVID-19 коронавирустық инфекция» клиникалық хаттамасының 9-редакциясы қолданылуда. 

Негізгі құжатты өзектендіру жұмыстары халықаралық және отандық тәжірибенің жаңа деректері ескеріле отырып тұрақты негізде жүргізілуде.