21 қаң, 2021 сағат 17:10

Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев коронавирустан тезірек сауығып кетуін тілеген Қазақстан халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Әнші сондай-ақ ес білгелі бері  алақанына салып әлдилеп келе жатқан еліне алғыс білдірді.

"Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер", - деп түйіндеді әнші.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда Мейрамбек Бесбаевқа коронавирус диагнозы қойылғаны белгілі болды. "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбайдың айтуынша, әншінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырған.