01 қыр, 2020 сағат 06:43

Коронавирус жұқтырған 200-ге жуық науқас ауыр халде жатыр

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясынан 7 379 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 30 бала бар.

Стационарларда 3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы науқастардың арасында 197 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады. 

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. 

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлайды.