20 қар, 2020 сағат 06:09

Коронавирус пневмониясы: Науқастар 41 мыңға жуықтады, 424 адам қайтыс болды

19 қарашада Қазақстанда 158 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 55 адам жазылды. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен 1 адам қайтыс болды. 

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 40 848 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 424 адам қайтыс болған, 29 869 адам жазылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар арасында 6 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері 1970 адам коронавирустан қайтыс болған. 29 869 адам жазылған. 

Қазір 10 435 адам коронавирустан емделіп жатыр, 481-і - бала. 3 088-і - ауруханада жатыр. 220 адамның жағдайы - ауыр, 26 адамның жағдайы - өте ауыр, 21 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Елде коронавирус статистикасына күмән келтіретіндер де бар. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.