29 қаз, 2020 сағат 05:50

Коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 174 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 43 адам жазылды.

1 тамыздан бері Қазақстанда 37 379 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, содан бері 397 адам қайтыс болған, 28 659 адам жазылған.

Бұл – коронавирус жұққаны ПТР-тестімен дәлелденбеген, бірақ клиникалық белгілері бойынша Covid-ке ұқсас науқастар есебі.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері қайтыс болғандар саны 1840 адамға жетті.

Қазір 3201 адам коронавирустан емделіп жатыр, 287-і – бала. 117 науқастың жағдайы ауыр, 13 адамның жағдайы өте ауыр, 15 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 148 479 адам болады.