#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы еңбек нарығына қалай әсер етті?

  • 02.07.2020
  • 0
  • 228

Коронавирус пандемиясының әсерінен ең алдымен даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқа да тұрақсыз жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шегуі мүмкін. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарына дамыту орталығы хабарлады.

COVID-19 пандемиясы жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретіп, Қазақстанның еңбек нарығында өз түзетулерін енгізді. Осыған байланысты, WDC (Еңбек ресурстарын дамыту орталығы) елдегі жұмыспен қамтуға пандемияның әсерін зерттеуге арналған «COVID-19 пандемиясы аясында Қазақстан Республикасының еңбек нарығы» атты кезекті талдамалық шолуын дайындады. Соның нәтижесінде орталық сарапшылары бірқатар маңызды тұжырымдарға келді. 

Мәселен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) Enbek.kz түйіндемелер мен бос орындар саны төтенше жағдай салдарынан 35%-дан 23%-ға төмендеді. Алайда мамыр айында төтенше жағдай режимі мен қатаң карантин тоқтатылған кезде түйіндеме саны да, бос орындар саны да белсенді қалпына келе бастады. Осылайша, ЭЕБ түйіндемелер мен бос орындар саны мамыр айында сәуір айымен салыстырғанда 1,6 және 3,5 есе өсті. 

Бүгінде құрылыс саласы «жаңа бос жұмыс орындары» жиі ашылатын басты салаға айналды. Осылайша, ЭЕБ-да құрылыс саласындағы бос орындардың үлесі қаңтар-мамыр аралығында 8%-дан 43%-ға дейін өсті. Мұндай үрдіс маусымдық жұмыстардың жандануымен, сондай-ақ дағдарысқа қарсы мемлекеттік шаралар жиынтығын, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асырумен байланысты болуы мүмкін.

Өз кезегінде, өңірлер бөлінісінде ТЖ-дан кейін (мамыр айында) ең көп бос орындары - Алматыда, Нұр-Сұлтан мен Қостанайда ( мамыр айында құрылған барлық б ос орындар санының 29%-ы ) құрылды. Ал 2020 жылдың 5 айында ең көп түйіндемелер Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарына тиесілі (2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында ұсынылған түйіндемелер санының 31%-ы). Айта кетсек, аталмыш үш оңтүстік өңір 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықты Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелгендер саны – 102 мың адам немесе жұмыс іздеп жүрген адамдардың жалпы санының 32%-ы бойынша көшбасшылар қатарында. 

Жалпы, WDC бағалауы бойынша Қазақстанда техникалық жұмыссыздар саны сәуірде 4,2 млн адамнан мамырда 1,1 млн адамға және маусымда 735 мың адамға дейін төмендеді. Бұл ретте кәсіби топтар бөлінісінде көбіне коронавирус пандемиясының әсерінен даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй қызметкерлері және басқа біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шегуі мүмкін. 

Салалар бөлінісінде COVID-19 пандемиясы соңғы жылдары экономикада маңызы артқан «қызмет көрсету» саласына ең ауыр соққы жасады.

Сонымен қатар, WDC талдаушылары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша, яғни пандемия басталғанға дейін Қазақстандағы жұмыссыздар саны 442 мың адамды құрағанын еске салады.

«COVID-19 пандемиясы аясында Қазақстан Республикасының еңбек нарығы» атты WDC талдамалық шолуының толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар