08 мам, 2020 сағат 07:55

Коронавирус: Өзбекстанда «жасыл», «сары», «қызыл» деңгейлер енгізіліп жатыр

Өзбекстанда бүгіннен бастап коронавирус анықталмаған немесе пациенттер толық жазылған облыстарға «жасыл» деңгей енгізіледі. Бұл туралы ӨзАА агенттігі хабарлайды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев коронавирус пандемиясына қатысты жиын өткізіп, тұрғындарды карантин тәртібін барынша қатаң сақтауға шақырды.

Жиында Шавкат Мирзиёев Республикалық комиссияға карантиннің деңгейі бойынша қалалар мен аудандарды жіктеуге тапсырма бергенін айтты.

Осыған сәйкес елдің Республикалық комиссиясы 8 мамырдан бастап коронавирус анықталмаған немесепациенттер толық жазылған Навоийс, Джизакск және Кашкадарьинс областарына «жасыл» деңгей енгізілетінін хабарлады.

«Әр адам карантин режимін, санитарлық және гигиена талаптарын қатаң сақтауымыз керек және міндеттіміз. Сонымен қатар, «сары» және «қызыл» деңгейдегі өңірлерде коронавирус анықталмаған аудандар бар екенін ескеру қажет. Сондай-ақ ертең «жасыл» деңгейдегі өңірден вирус анықталса барлық өңірдегі жағдайды өзгертудің қажеті жоқ», - деді Шавкат Мирзиёев.