Денсаулық сақтау министрлігі 9 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
9 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.