Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев
ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында эпидемиологиялық жағдайдың жаңартылған болжамын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оптимистік сценарий бойынша, наурыз айында алдын алу шаралары сақталған жағдайда тәулігіне вирус жұқтырудың 250 жағдайы тіркеледі.
Нақты сценарий бойынша, наурыз айында сырқаттану деңгейі республика көлемінде күніне 310 жағдайға дейін жетеді.
Пессимистік сценарий бойынша, күніне 360 жағдайға дейін тіркелуі мүмкін», - деді Бас санитарлық дәрігер.
Оның айтуынша, бұған дейін коронавирус инфекциясымен күресте халықты вакциналаудың маңызы зор болды.
«Бүгінгі таңда 10,2 миллион адам вакцинаның бір дозасын алды. Бұл жалпы халықтың 53,7%. 2021 жылдың қарашасынан бастап КВИ-ге қарсы ревакцинация басталды. Үшінші дозаны 2,5 млн адам немесе вакциналауға жататын халықтың 56% қабылдады», - вице-министр.
