18 қаң, 2021 сағат 07:43

Коронавирус: Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрліктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Алматы, Қарағанды, БҚО мен СҚО бар. 

Қалған өңірлердің бәрі де коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта орналасқан. 

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақта тұр.