02 ақп, 2021 сағат 07:36

Коронавирус: Қазақстанның 4 облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 2 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Ал Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан.

Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан «сары» аймақта тұр.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің 1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қазақстан Республикасы «қызылдан» «сары» аймаққа ауысқан болатын.