Коронавирус жұқтырған 55 науқас сауығып, ауруханадан шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 17, Алматы қаласында - 12, Шымкент қаласында - 6, Шығыс-Қазақстан облысында - 3, Алматы облысында - 9, Түркістан облысында - 4, Жамбыл облысында 4 адам дерттен айыққан.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 2 531-ге жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 518 Алматы қаласы – 567 Шымкент қаласы – 166 Ақмола облысы – 95 Ақтөбе облысы – 62 Алматы облысы – 106 Атырау облысы – 130 Шығыс Қазақстан облысы – 20 Жамбыл облысы – 100 Батыс Қазақстан облысы – 130 Қарағанды облысы – 129 Қостанай облысы – 36 Қызылорда облысы – 183 Маңғыстау облысы – 31 Павлодар облысы – 108 Солтүстік Қазақстан облысы – 29 Түркістан облысы – 121.