07 шіл, 2020 сағат 10:28

Коронавирус: Қазақстанда жазылғандар саны 16298-ге жетті

Қазақстанның 6 өңірінде коронавирус инфекциясынан 115 адам айықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 115 адам коронавирустан емделіп шықты.

Өңірлер бойынша:

Шығыс Қазақстан облысында - 13,

Павлодар облысында - 32,

Қостанай облысында - 1,

Маңғыстау облысында - 4,

Ақмола облысында - 55,

Атырау облысында - 10.

Бүгінде Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 49 683-ті құрайды. Оның ішінде жазылды - 16298, қайтыс болды 264 адам.