28 мау, 2020 сағат 10:32

Коронавирус: Қазақстанда тағы 7 науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Алматы облысы - 1942 жылы туған ер азамат, Қарағанды облысы - 1970, 1957 және 1940 жылдары туған ер адамдар, Шымкент қаласы - 1972 жылы дүниеге келген ер адам, Ақтөбе облысы - 1960 және 1950 жылдары дүниеге келген ер адамдар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 173 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 61

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 14

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 13

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 8