Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 48 науқас тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
7 мамыр 22:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Ақмола облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 3, Алматы қаласында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 33, Шымкент қаласында 1 адам вирус жұқтырған.
Осылайша, Қазақстан бойынша дертке шалдыққандар саны 4578-ге жетіп отыр:
Нұр-Сұлтан қаласы – 898 Алматы қаласы – 1429 Шымкент қаласы – 224 Ақмола облысы – 103 Ақтөбе облысы – 172 Алматы облысы – 176 Атырау облысы – 240 Шығыс Қазақстан облысы – 32 Жамбыл облысы – 169 Батыс Қазақстан облысы – 217 Қарағанды облысы – 177 Қостанай облысы – 59 Қызылорда облысы – 223 Маңғыстау облысы – 105 Павлодар облысы – 152 Солтүстік Қазақстан облысы – 34 Түркістан облысы – 168