Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 4,6%-ға көбейіп, 6440 адамға жетті. Бұл туралы 18 мамыр күні таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Әсіресе, Атырау облысы мен Шымкент, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ондаған адамнан вирус анықталған.
Аймақтар бойынша:
Ақмола облысы - 1 (0,8%) Алматы облысы - 3 (1,5%) Атырау облысы - 86 (15,9%) Жамбыл облысы - 2 (1,0%) Батыс Қазақстан облысы - 13 (4,2%) Қарағанды облысы - 18 (7,8%) Қостанай облысы - 1 (1,3%) Қызылорда облысы - 1 (0,4%) Маңғыстау облысы - 8 (5,2%) Павлодар облысы - 3 (1,9%) Түркістан облысы - 19 (9,5%) Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (5,6%) Алматы қаласы - 46 (2,6%) Нұр-Сұлтан қаласы - 20 (1,6%) Шымкент қаласы - 60 (17,3%)
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирустан 3256 науқас жазылып, 34 адам қайтыс болған.