Қазақстанда 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Дәрігерлер коронавирус инфекциясынан Нұр-Сұлтан қаласында 1 науқасты, Шымкент қаласында - 2, Ақмола облысында - 5, Ақтөбе облысында - 3, Қарағанды облысында 2 науқасты емдеді.
Осылайша елімізде жалпы жазылғандар саны 879-ға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 239, Алматы қаласы – 117, Шымкент қаласы – 36, Ақмола облысы – 72, Ақтөбе облысы – 13, Алматы облысы – 14, Атырау облысы – 64, Шығыс Қазақстан облысы – 7, Жамбыл облысы – 46, Батыс Қазақстан облысы – 9, Қарағанды облысы – 63, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 118, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 5, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 39 науқас жазылған.