Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 363 адам анықталды, оның 130-ы Қарағанды облысында тіркелген. Бұл эпидемия басталғалы бері бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 5 пайызды құраған. Бұл туралы 22 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Аймақтар бойынша:
Қарағанды облысы – 130 (43,3%)
Нұр-Сұлтан қаласы – 54 (3,8%)
Алматы қаласы – 35 (1,8%)
Шымкент қаласы – 31 (6,1%)
Атырау облысы – 25 (3,1%)
Алматы облысы – 24 (10,1%)
Түркістан облысы – 20 (8,2%)
Ақтөбе облысы – 9 (3,9%)
Қызылорда облысы – 9 (3,4%)
Батыс Қазақстан облысы – 8 (2,3%)
Ақмола облысы – 7 (5,2%)
Жамбыл облысы – 7 (3,2%)
Қостанай облысы – 3 (2,7%)
Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%)
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 7597 адам жетті. 3843 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.