22 мау, 2020 сағат 14:54

Коронавирус: Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 мыңнан асты

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 27 541 COVID-19 жағдайы тіркеліп отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда. Соңғы тәулікте 1 471 ауру тіркелді, оның 507 – симптоммен, 964-і – симптомсыз», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, 10 962 адам немесе ауырғандардың 62 пайызы сырқаттан жазылып шықты. 

«Еліміздің барлық стационарлық карантинінде 1 868 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. COVID-19 ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052, КВИ жұқтырып, амбулаториялық бақылауда 8 472 адам тұр», - деді Жұмабек Бекенов.