31 мамырда Қазақстанда 450 адамнан коронавирус табылды. Олардың 101-і Нұр-Сұлтан қаласында, 69-ы Атырау облысында , 59-ы Қарағанды облысында, 44-і Батыс Қазақстан облысында. Бұл туралы 1 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Науқастар саны 4,1 пайызға артқан.
Елде барлығы 11 308 адамға вирус жұққан
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 2207 (+101)
Алматы қаласы – 2647 (+31)
Шымкент қаласы – 867 (+32)
Ақмола облысы – 166 (+14)
Ақтөбе облысы – 343 (+5)
Алматы облысы – 361 (+8)
Атырау облысы – 1105 (+69)
Шығыс Қазақстан облысы – 135 (+16)
Жамбыл облысы – 380 (+3)
Батыс Қазақстан облысы – 665 (+44)
Қарағанды облысы – 932 (+59)
Қостанай облысы – 182 (+5)
Қызылорда облысы – 402 (+31)
Маңғыстау облысы – 272 (+17)
Павлодар облысы – 206 (+1)
Солтүстік Қазақстан облысы – 59 (+5)
Түркістан облысы – 379 (+9)
Аурудан барлығы 5404 адам айыққан. 41 адам қайтыс болған.