Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 53021-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанда өткен тәулікте 1962 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды. Оның ішінде 1209 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді», - делінген ақпаратта.
Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 120 / 65
Алматы қаласы - 177 / 46
Шымкент қаласы - 61 / 25
Ақмола облысы - 35 / 27
Ақтөбе облысы - 89 / 38
Алматы облысы - 81 / 56
Атырау облысы - 658 / 532
Шығыс Қазақстан облысы - 113 / 43
Жамбыл облысы - 57 / 47
Батыс Қазақстан облысы - 91 / 34
Қарағанды облысы - 150 / 108
Қостанай облысы - 111 / 71
Қызылорда облысы - 28 / 20
Маңғыстау облысы - 70 / 53
Павлодар облысы - 57 / 26
Солтүстік Қазақстан облысы - 36 / 7
Түркістан облысы - 28 / 11
Жалпы ел бойынша індетті жұқтырғандар саны - 53021. Оның ішінде: 34149 адам жазылып шықса, 264 науқас қайтыс болды.