Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда бір облыс «қызыл», төрт облыс пен екі қала «сары» аймақта тұр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 25 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау облысы шыққан жоқ. Сонымен қатар, Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы «сары» аймақта орналасқан.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта тұр. Бүгіннен бастап «жасыл» аймақтардың қатарына БҚО енді.
Әйтсе де матрицаның бағалауы бойынша Қазақстанның жалпы аумағы «сары» аймаққа енген.