30 сәу, 2020 сағат 13:50

Коронавирус қаупіне байланысты сәбилерге екпе жасау тәртібі өзгере ме?

Елордада 11 мамырдан бастап сәбилерге екпе жасау жұмысы жанданады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 2 сәуірден бастап балаларға екпе жасату жұмысы тоқтатылған. Бірақ екпе тек зертханада жасалады. 11 мамырдан бастап екпе жасау қайта жанданады. Алайда балаларды үйіне барып екпе жасаймыз деп айта алмаймыз да, істемейміз де. Себебі екпеден кейін неше түрлі асқыну болуы мүмкін», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында.