
Қытайдағы шаштараздар COVID-19 басталған кезде клиенттерден қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін құралдарды таяқтардың ұшына орнатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 наурыз күні Сычуань провинциясындағы Лучжоу қаласындағы шаштараздар түсірген қызықты видеосында олардың щеткамен, ұстарамен және шаш кептіргішті бір метрден ұзын таяқтардың ұшына орнатып, іске қызу кіріскендігін көруге болады.
Клиенттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, шаштараз осындай «алыс қашықтықта жұмыс істеу» әдісін ойлап тапқан.
Шаштараз иесі «бұл идея клиенттерді қатты қуантып жатыр» деген пікірде.
