Дүйсенбі күні Италияның азаматтық қорғаныс департаменті елде өткен тәулікте коронавирустан 23 адам қайтыс болғанын мәлім етті, Бұл – елдегі наурыз айынан бері бір күн ішінде тіркелген ең төменгі өлім көрсеткіші. Жексенбі күні ол 24-ке жеткен болатын, деп хабарлайды ANSA агенттігі.
Үш адам елде вирустан ең көп зардап шеккен аймақ Ломбардияда қайтыс болған. Бұл – 27 ақпаннан бері аймақта тіркелген ең аз өлім көрсеткіші. Қазіргі уақытта Италияда коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 34 657 адамға жетті.
Сондай-ақ, департамент елде бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 218 жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады. Олардың 143-і Ломбардиядан анықталған.
Дүйсенбі күні елдің Апулия, Фриули-Венеция-Джулия, Сицилия, Сардиния, Умбрия, Валле-д'Аоста және Базиликата аймақтарында бірде-бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген.
183 426 адам сауығып шыққан.
Италияда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 238 720 адамға жетті.