29 мау, 2020 сағат 08:31

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналы хабарлайды.

Батыс-Қазақстан облысында - 1952 жылы туған әйел адам;

Маңғыстау облысында - 1942 жылы туған әйел адам;

Ақмола облысында - 1967 жылы туған ер азамат;

Шығыс Қазақстан облысында - 1958 жылы туған ер азамат;

Ақтөбе облысында - 1962 жылы туған әйел адам

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 183 адам қайтыс болды.