ҚХР Мемкеңесінің премьері тексеріспен коронавирустың жаңа түрінің таралу ошағы Ухан қаласына (Хубэй провинциясына) келді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің тапсырмасы бойынша Мемкеңестің премьер-министрі, коронавирус инфекциясының жаң түрімен күрес жөніндегі жұмыс тобының басшысы індетпен күрес жөніндегі жұмыстарды тексеру мен бақылау үшін Уханға келді», - делінген үкімет хабарламасында.
Сонымен қатар, дүйсенбіден бастап ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің ресми жаңа жылдық демалыстарды 2 ақпанға дейін ұзарту туралы өкімі күшіне енеді. Тиісті нұсқаулар ҚХР-дың барлық провинциясына таралады.
Елдің балабақшалары, мектептері мен жоғары оқу орындары үшін жаңажылдық демалыстың аяқталу мерзімі туралы жеке хабарлама жарияланатын болады.
Соңғы мәліметтер бойынша коронавирус ауруымен ауырғандар саны 2,7 мың адамнан асты, 80 өлім жағдайы тіркелген. Жаңа коронавирустық инфекциямен ауыратын адамдардың көпшілігі Хубэй провинциясында (1423, 76-сы қайтыс болған). Қазақстанмен шекаралас ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАР) 5 адамның ауруды жұқтырғаны анықталды.
ҚХР Орталық бюджетінен Хубэй провинциясының және оның әкімшілік орталығын Ухань қаласына мамандандырылған ауруханалар салу және қажетті медициналық жабдықтар сатып алу үшін 43 млн. АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
Қытай билігінде жаңа коронавирус туралы әлі де толық мәліметтер жоқ. Оның мутациясы қандай қауіп төндіретіні туралы нақты түсінік жоқ. «Инфекцияның пайда болу көзі анықталмады», - деп мәлімдеді өткен жексенбіде жұртшылыққа ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комиссияның басшысы Ма Сяовэнь. Оның айтуынша, вирус жануарлардан шығуы мүкін және мутация нәтижесінде адамдарға берілуі ықтимал.
Өткен жексенбіде ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Сюй Вэньбо Қытай жаңа коронавирусқа вакцина әзірлеуге кірісті.
«Ғалымдар қазірдің өзінде вирус штаммын бөліп алды. Орталық дәрі-дәрмектерді іріктейді», - деді қытайлық маман «Жэньминь Жибао» газетінде.