ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 15 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Эпидахуалды бағалау матрицасындағы мәліметтер кешегіден өзгерген жоқ. Яғни Ақмола мен Қостанай облыстары әлі де «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақта орналасқан.