8 мамыр сағат 09:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 жағдай тіркелді және Павлодар облысында бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Нақтырақ, Ақмола облысында - 3, Атырау облысында - 16, Жамбыл облысында - 2, Қарағанды облысында - 3, Қостанай облысында - 2, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 4, Түркістан облысында - 1, Алматы қаласында - 72, Нұр-Сұлтан қаласында 7 тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды.
Осылайша Қазақстан бойынша дертке шалдыққандар саны 4690-қа жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 905 Алматы қаласы – 1501 Шымкент қаласы – 224 Ақмола облысы – 106 Ақтөбе облысы – 172 Алматы облысы – 176 Атырау облысы – 256 Шығыс Қазақстан облысы – 32 Жамбыл облысы – 171 Батыс Қазақстан облысы – 217 Қарағанды облысы – 180 Қостанай облысы – 61 Қызылорда облысы – 225 Маңғыстау облысы – 109 Павлодар облысы – 152 Солтүстік Қазақстан облысы – 34 Түркістан облысы – 169