Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 265 адам анықталды, оның 84-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 3,8 пайызды құраған. Бұл туралы 21 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 84 (6,4%)
Алматы қаласы – 57 (3,0%)
Атырау облысы – 24 (3,0%)
Шымкент қаласы – 23 (4,7%)
Алматы облысы – 19 (8,7%)
Батыс Қазақстан облысы – 13 (3,8%)
Қарағанды облысы – 13 (4,5%)
Қызылорда облысы – 11 (4,3%)
Павлодар облысы – 9 (5,4%)
Жамбыл облысы – 5 (2,3%)
Ақтөбе облысы – 2 (0,9%)
Түркістан облысы – 2 (0,8%)
Ақмола облысы – 1 (0,7%)
Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%)
Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)
13 наурыздан бері Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 7234-ке жетті. 3734 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.