Қазақстандық дәрігерлер 965 адамды коронавирустан емдеді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Коронавирус жұқтырған тағы 25 науқас сауығып, ауруханадан шықты, оның ішінде: Алматы қаласында – 20, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Атырау облысында – 1, Қарағанды облысында - 1 адам бар.
Бүгін сағат 15:30 дейін елімізде жалпы 965 адам үйлеріне шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 254, Алматы қаласында – 149, Қызылорда облысында – 127, Ақмола облысында – 75, Атырау облысында - 71, Қарағанды облысында - 68, Жамбыл облысында - 47, Шымкент қаласында – 37, Солтүстік Қазақстан облысында – 27,⠀ Түркістан облысында – 45, Ақтөбе облысы – 16, Алматы облысында - 14, Батыс-Қазақстан облысында -10, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Маңғыстау облысында -9, Павлодар облысында - 5, Қостанай облысында -3 адам.