15 сәу, 2020 сағат 18:16

Коронавирус: Елімізде 21 науқас ауыр халде жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 науқас ауыр халде жатыр, деп хабарлайды CORONAVIRUS2020.KZ Телеграм каналы.

«ҚР жұқпалы аурулар стационарларында 1034 адам емделіп жатыр. 21 науқастың жағдайы ауыр, 169-ының денсаулығы орташа ауыр деңгейде, 1 пациент қанды оттегімен қанықтыру аппаратына қосылған» деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Жағдайы ауыр пациенттердің ішінде:

9 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған;

6 науқас өкпені маскалы желдету аппаратына қосылған,

7 науқас оттегіні жалғау арқылы өздігінен тыныс алып жатыр.

Жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде 5 науқас ӨЖЖ аппаратынан өз бетімен тыныс алуға ауыстырылды және жағдайы жақсарған 18 пациент реанимациядан бейінді бөлімдерге ауыстырылды.