27 ақп, 2021 сағат 06:00

Қазақстанда өткен тәулікте 806 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 806 адамда ПТР-талдау арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлер бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 24961 (+137),

Алматы қаласында - 24878 (+105),

Шығыс Қазақстан облысында - 21945 (+48),

Атырау облысында - 17121 (+39),

Павлодар облысында - 17455 (+79),

Қарағанды облысында - 15348 (+40),

Ақмола облысында - 13510 (+70),

Батыс Қазақстан облысында – 12910 (+66),

Солтүстік Қазақстан облысында - 12275 (+30),

Қостанай облысында - 12249 (+64),

Алматы облысында - 10727 (+64),

Шымкент қаласында -6123 (+12),

Жамбыл облысында - 5935 (+20),

Түркістан облысында - 4276 (+9),

Маңғыстау облысында - 4219 (+5),

Ақтөбе облысында - 4251 (+12),

Қызылорда облысында - 3835 (+6).

Пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны - 212 018.

Сондай-ақ, 27 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам короновирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) ем алып жатыр, олардың ішінде 4 380 пациент - стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 253 адамның жағдайы ауыр;

- 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.