Еліміздің 5 өңірінде 9 науқас жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 9 науқас: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 3, Шымкент қаласында - 1, Атырау облысында - 2, Жамбыл облысында 2 адам интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды», - делінген ақпаратта.
Бүгінге дейін елімізде барлығы 121 науқас реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 36, Алматы қаласында - 24, Алматы облысында - 3, Карағанды облысында - 10, Атырау облысында - 14, Шымкент қаласында - 13, Қызылорда облысында – 3, Батыс-Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 2, Маңғыстау облысында – 5, Шығыс-Қазақстан облысында - 1, Түркістан обласы - 1, Ақтөбе қаласында - 1, Жамбыл облысында – 7 адам.