Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сербияға ресейлік «Спутник V» вакцинаның 100 мың дозасы жеткізілді. Сербия билігі жыл соңына дейін елде «Спутник V» вакцинасының өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
1 наурыздан бастап Германияда екі айдан астам үзілістен кейін шаштараздар мен педикюр салондары жұмысын қайта бастады.
Олардың ашылуы гигиеналық тұрғыдан да негізделген. Кейбір шаштараздар келушілердің үлкен ағымының болуын жормалдап, түнде ашылды.
Johnson & Johnson вакцинасының 4 миллион дозасы 2 наурыз күні таңертең АҚШ-тың белгіленген нүктелеріне жеткізіледі.
«Бүгінгі кештен бастап барлық штаттарға 3,9 миллион доза бөлінеді» деді АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі.
Оның айтуынша, бұл - Johnson & Johnson компаниясының қорында бар барлық вакцина.
Компания наурыз айының соңына дейін тағы 16 миллион доза жеткізуді жоспарлап отыр.
Ұлыбритания осы айда 40 жастан асқан тұрғындарын вакциналауды бастамақ.
Қазіргі уақытта елдің денсаулық сақтау министрлігі 60 жастан асқан тұрғындарына қалған шақыру қағаздарын жіберуде.
Жалпы, мемлекетте 20 миллионнан астам адам вакцина қабылдаған.
Германия Чехияға пандемиямен күрес үшін елге 15 мың доза коронавирус вакцинасын жеткізуді ұйымдастыруға ниет білдірді.
Бұған дейін ел басшылығы Ресей президентіне Чехияны «Спутник V» вакцинасымен қамтамасыз етуді сұраған болатын.
Чехия ЕО-ның басқа мемлекеттеріне қарағанда көбірек зардап шекті.
Пандемия басталғаннан бері 10,7 миллион халқы бар елде 1,2 миллион адам коронавирус жұқтырды, 20 мың науқас қайтыс болған.
Экономикалық себептерге байланысты Оңтүстік Африка карантиндік шараларын жеңілдетпек.
Ел президенті Сирил Рамапоса мәлімдегендей, бұдан басқа, коменданттық сағаттың қолданылу мерзімі жақын арада қысқартылмақ, сондай-ақ топтық кездесугеде шектеулер жеңілдетілмек.
Рамапоса елдегі шектеу шараларын жеңілдету тұтынудың жоғарылауына және еңбек нарығының жақсаруына әкеледі деп үміттенетінін айтты.