03 қаз, 2020 сағат 08:38

Коронавирус: 86 адамның ахуалы нашар

21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 256 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 кішкентай бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деді министрлік. 

Айта кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап келеді.